"Жарасымды жанұя" журналы

  • Подписчики: 1 136 подписчиков
  • ID: 76589007
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
zh.zhanuya

Описание

«Отан отбасынан басталады», деген дана халқымыз ежелден отбасы келешегіне немқұрайлы қарамаған. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ұлын ұлтжанды, қызын қылықты етіп өсіру ол әр ата-ананың міндеті болуы да сондықтан. Осынау ұлттық тәрбиенің жаршысы болып саналатын Сыр өңірінде «Жарасымды жанұя» журналының тұңғыш рет жарық көргенін қалың жұртшылық жақсы жаңалық ретінде қабылдады. 2011 жылдың маусым айынан бастап түрлі-түсті, көркем безендіріліп шығатын журнал оқырманның жан-жақты қызығушылығын тудырды. Журнал беттерінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнегелі отбасыларының тыныс-тіршілігі, елге сыйлы азаматтардың адами құндылықтар жайлы ой-пікірлері, білім, денсаулық, спорт, өнер саласындағы жаңашылдықтармен қатар, жастар тәрбиесі мәселелері, әдеби-көркем шығармалар, сондай-ақ, басқа да саладағы білікті мамандардың ақыл-кеңестері жарияланып келеді. «Жарасымды жанұя» журналы ай сайын қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады.