Описание
ТАЙПАҚТА МЫҚТЫ АТА БАР МАСҚАР ДЕГЕН
"...Есен бе екен, сау ма екен
Сұлтансиық баласы-ай?
Сұлтансиық ішінде
МАСҚАР еді-ау ағасы-ай.
Масқарға тіреу ер еді
Мырзагелді, ер Дөнен,
Алдаберген, Бабас-ай.
Естек, Мәстек, бай Тұман,
Үркін, Сәті, би Шолан,
Тінім, Шәкі, Әжайып
Дәулеттің құйған сағасы-ай
Алыссаң да мұңаймас
Таршылықта қолда жоқ
Арал-сынды арыстан,
Тоғайбай-сынды данасы-ай..." Сүгір жырау Мырзалыұлы.
Өзім туған өлкенің өткен тарихын білуге, тұлғаларын түгендеуге ежелден құштар ем. Осы ізденістеріме інім Қазыбек көп көмек жасады. Жәнібектей (Исмурзин) жас ғалымның тарих қатпарын қазып жинаған ақпары да рухани дүниемізді байытар, рухымызды күшейтер кесек дүниелер еді. Бірақ бір ғана ғалымға сеніп ақпарат күтіп жата беруге болмайды. Әркім өз әлінше құлдық санадан арылып, болмысымыздағы сонау текті бабадан тозбай жеткен рухани қуатымызға қайта қауышуға ұмтылу парызымыз ғой. Осы ниетпен Оралға бір келгенде Қазыбек інімнің үйіне барудан бас тартып, өлкетанушы, шежіре қария, жерлесіміз Әленғали ағаның үйіне арнап бардым. Мақсатым XIX ғасырда өмір сүрген Тайпақтық Сүгір жырау Мырзалыұлы жырларындағы маған белгісіз адам аттары жайлы сұрап-білу.
Ендігі кезекті Әленғали аға айтқан әңгімеге берейін. Маған жақындығы болмаса да елімнің, жерімнің амандығы үшін күреспен өмірін өткізген мен туған өлкенің батырлары жайлы шежіре бұл. Масқарлар, тыңдаңдар!
Сұлтансиықтың үлкен ұлы Масқарды Қыдырқожа атасы бауырына басып бетінен қақпай өсіріпті. Інісі Асқар өлгенде баласы Байбақты жастай жетім қалып, Байбақтының шешесін әмеңгерлік заңымен ақсақалдар Масқарға қоспақ болады. Ол кезде алпысты алқымдап қалған Масқар:
– Менің жасым келіп қалды. Інілеріме жолымды бердім. Келінжан таңдаған қайныңа орамалды өзің таста! – деп рұқсатын беріпті. Танамен келіннің арасындағы көңіл жақындығын сезсе керек. Сөйтіп Алашаның алғысы келгеніне қарамай, Масқардың рұқсатымен Тананың жолы болып осы некеден Жанбақты, Тынбақты туады. Оларды шешелері бір Байбақты:
– Мен атадан жалғыз қалдым ғой. Менің бауырым болсыншы! – деп сұрап алып өзіне қосып Байбақты қылып жіберген. Бұлардан өрбіген Әлтекенің өзінен қанша мықтылар шыққаны, олардың бойындағы қанның кімге жақындығын өзіңіз шамалай беріңіз. Тана жеңгесін алған соң ағасына разылық көңілін білдіріп Масқарға кілем жапқан 9 нар сыйлапты. Масқардың түйелі бай атануына және «түйе» жайлы әңгімелерге осы себепші болған сыңайлы
Масқардың қызуқанды, тентек болғаны дау туғызбаса керек. Кезінде бір аруақты адам: «жапырағың жайылмасын!» деп қар